Алматы
Войти

Инвестициялау өнері

Жеке қаржыны басқару туралы қарапайым білімі бар және үйде немесе депозитте ақша ұстау қажетті табыс әкелмейтінін бiлетiндерге арналған вебинар. Вебинарға қатысу арқылы сіз өзіңіздің бос қаражатыңызды инвестициялаудың тиімді жолдарын және инвестициялаудың қыр сырын меңгере аласыз.

70%

қатысушылар мастер-класстан кейін қор нарығымен танысуды жалғастырады

Сіз осы курстан не аласыз?

Желі

Сіз сияқты қор нарығының негіздерін білуге ұмтылатын пікірлес адамдармен танысасыз.

Жаңа мүмкіндіктер

Мастер-класста біз, қор нарығының жұмысын түсіну жайлы, сіз үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктер туралы сөйлесеміз.

Қаржылық сауаттылық

1 сағат ішінде сіз қаражат жинаудың қандай әдістері бар және олар немен жақсы екендігін білесіз, бұл сізге жеке қаржы идеясын өзгертуге көмектеседі.

Нарықпен танысу

Сіз қор нарығының қалай жұмыс істейтіні, оның қызметін кім реттейтіні туралы білесіз және бағалы қағаздардың кейбір түрлерімен танысасыз.

Тәжірибелi мұғалімдер

Біздің мұғалімдер, қор нарығында көптеген жылдар бойы жұмыс істеп және соған сіздерді де үйретуге дайын тұрған нағыз мамандар.

Курс бағдарламасы

Курс бағдарламасы

Мастер-класста біз қаржылық салымдардың ең танымал түрлері туралы әңгімелесеміз және олардың оң және теріс жақтарын қарастырамыз. Біз сізге мысал келтіру арқылы қор нарығы туралы айтып береміз және сізге ақша салудың тиімді жолдарын көрсетеміз.

Біздің оқытушылар

Джангелов Данияр

Атырау қаласындағы филиалдың директоры

Данияр Қор биржасы жайлы алғаш рет 2007 жылы, ҚазҰУ -де Халықаралық экономика факультетінде АҚШ экономикасын тереңдетіп зерттейтін топтын ашылғанынан бастап таныс. Сол жерде АҚШ тарихи дамуында өзінің ажыратылмас бөлшегі болып табылатын Нью-Йорк қор биржасы жайлы да көптеген ақпарат алды. Ал құнды қағаздарға ивестицияны тек 2012ж Қазақстанның экономикалық даму моделін зерттейтін орталықта жұмыс істеп жүргенде бастады. Ол орталықта әртүрлі форумдарда спикер болып және еліміздегі әртүрлі экономикалық және қаржылық процесстерге сараптама жасау арқылы тәжірибе жинады.

2016ж Фридом Финанс АҚ-на инвестициялық кеңесші ретінде жұмысқа алынып, қазіргі таңда аймақтық желі Департаментінің Директоры лауазымында қызмет етуде. Бүгінгі таңда Данияр басқаратын клиенттік портфель көлемі 50 млн$ асады, және орташа жылдық өсім 15-25% құрайды.


Оқыту қалай өтеді?

1

Тікелей вебинар

Вебинарға тіркеліп, әлемнің кез келген нүктесінен тікелей корсетілімге қатысыңыз.

2

Сұрақтар мен жауаптар

Сіз чатта сұрақтар қойып, бірден спикерден немесе модераторлардан жауап ала аласыз.

3

Брокерлік шот

Вебинар кезінде немесе одан кейін сіз брокерлік есепшот ашып, инвестиция жасауды бастай аласыз

4

Қосымша дайындық

Сіз Академияда оқу курстарын жалғастыра келе, кәсіпқой маман ретінде қалай инвестиция жасауға болатынын үйрене аласыз

Вебинарға жазылу

16 қыркүйек, 19:00-20:00

Курсқа жазылу үшін төмендегі жолдарды толтырыңыз.

Проверка подлинности сертификата